Инструкция по эксплуатации для Samsung UE37C5100QW, UE32C5100QW, UE37C5000QW, UE32C5000QW, UE40C6540SW :: Страница 174 из 201
Service-Instruction.ru
инструкции pdf и руководства пользователя читать онлайн
background image

24

Қазақша

Кеңейтілген функциялары 

Желіге қосылу

Теледидарыңызды сым арқылы немесе сымсыз қосылым арқылы жергілікті желі көмегімен (LAN) интернетке қосылатын етіп 

баптауыңызға болады.

 

¦

Желіге сым арқылы қосылу 

Теледидарыңызды LAN жергілікті желісіне сым арқылы үш тәсілмен қосуға болады:

 

y

Теледидарды LAN желісіне, теледидардың арт жағындағы LAN ұяшығын сыртқы модемге Cat 5 сымын қолданып қоса 

аласыз. Төмендегі сызбаға қараңыз.

 

y

Теледидарды LAN желісіне, теледидардың арт жағындағы LAN ұяшығын, сыртқы модемге жалғанған IP Sharer арқылы 

қосуыңызға болады. Cat 5 сымын қолданып қосылымды жүзеге асырыңыз. Төмендегі сызбаға қараңыз.

 

y

Желі конфигурациясының қалай жүзеге асырылғанына қарай, теледидарыңызды LAN желісіне, теледидардың арт жағындағы 

LAN ұяшығын, Cat 5 сымын қолданып қабырғадағы желі розеткасына тура қоса аласыз. Төмендегі сызбаға қараңыз. 

Қабырғадағы розетканың үйдегі модем немесе роутерге қосылатынын есіңізде ұстаңыз.

Динамикалық желі қосылымын жүзеге асыру үшін ADSL модемін немесе Динамикалық Хост Конфигурациялаушы 

Протоколына (DHCP) қолдау көрсететін роутерді қолданыңыз. DHCP функциясына қолдау көрсететін модем не роутер 

құралдары, теледидарыңызды интернетке қосу үшін қажет IP мекенжайы, желіаралық қорғауыш, шлюз және DNS мәндерін 

автоматты түрде тағайындайтындықтан, оларды қолдан енгізудің қажеті жоқ. Үйдегі желілердің көпшілігі динамикалық желі 

болып табылады.

Кейбір желілерге тұрақты IP мекенжайы қажет. Егер желі тұрақты IP мекенжайын қажет етсе, қосылымды жүзеге асыратын 

кезде, теледидардың кабель қосылымын орнататын терезесіне IP мекенжайы, желіаралық қорғауыш, шлюз және DNS 

мәндерін қолдан көрсетуіңіз қажет. IP мекенжайы, желіаралық қорғауыш, шлюз және DNS мәндерін алу үшін интернет 

провайдеріне хабарласыңыз.  Компьютеріңізде Windows жүйесі орнатылып тұрса, бұл мәндерді компьютеріңіз арқылы да ала 

аласыз. 

 

✎

Егер желі үшін тұрақты IP мекенжайы қажет болса, DHCP функциясына қолдау көрсететін ADSL модемдерін 

қолдана аласыз. DHCP функциясына қолдау көрсететін ADSL модемдері, сонымен қатар тұрақты IP мекенжайын 

да қолдануға мүмкіндік береді.

Қабырғадағы Модем ұяшығы

Tеледидардың артқы панелі

LAN сымы

Модем Сымы 

Сыртқы Модем  

(ADSL / VDSL / Cable TV)

IP ортақтастырғышы

(DHCP сервері бар)

Қабырғадағы LAN ұяшығы

Tеледидардың артқы панелі

Tеледидардың артқы панелі

LAN сымы

LAN сымы

Модем Сымы 

LAN сымы

Қабырғадағы Модем ұяшығы

Сыртқы Модем 

(ADSL / VDSL / Cable TV)

[UC5100_Rus]BN68-02656H-00L04.indb   24

2010-03-24   오전 10:38:53

Инструкции для телевизоры Samsung

Популярные инструкции Samsung