Инструкция для Samsung PS43F4900AK, PS51F4900AW, PS51F4900AK :: Страница 77 из 81
Service-Instruction.ru
инструкции pdf и руководства пользователя читать онлайн

Инструкция для Samsung PS43F4900AK, PS51F4900AW, PS51F4900AK

Инструкция в формате - PDF
Количество страниц - 81 страница
Размер - 19 МБ
Доступно - Бесплатное скачивание
Доступно - Онлайн чтение
background image

Қазақша

Қабырғалық аспа жинақты орнату

Қабырғалық аспа жинақ (бөлек сатылады) теледидарды 

қабырғаға орнатуға мүмкіндік береді. Қабырғалық аспа 

жинақты орнату туралы толық ақпаратты, қабырғалық аспа 

жинақтың нұсқаулығынан оқи аласыз. Қабырғаға орнатылатын 

құрсауды орнына қондыру үшін техник маманға хабарласыңыз. 

Өз бетіңізбен орындау ұсынылмайды.

Samsung Electronics компаниясы құрылғыны дұрыс 

орнатпаудың нәтижесінде жарақаттансаңыз не басқа адамдар 

зардап шексе немесе мүлікке нұқсан келсе, бұндай жағдайлар 

үшін жауапкер емес.

Қабырғалық аспа жинақ параметрлері (VESA)

 

✎

Қабырғалық аспа жинақ теледидармен бірге 

жеткізілмейді, бірақ жеке сатылады.

 

✎

Қабырғалық аспа жинақты қатты қабырғаға, еденге 

перпендикуляр бағытта орнатыңыз. Басқа құрылыс 

материалдарына орнату үшін, жақын жердегі дилерге 

хабарласыңыз. Төбеге немесе қисық қабырғаға орнатса 

құлап, адам қатты жарақат алуы мүмкін.

 

✎

ЕСКЕРІМ

•  Қабырғалық аспа жинақтың стандартты өлшемдері 

төмендегі кестеде көрсетілген.

•  Қабырғалық аспа жинақ сатып аларда, оны орнатуға 

қатысты толық нұсқаулық пен керек - жарақтар 

беріледі.

•  VESA стандартты бұрандалар спецификациясына сай 

келмейтін бұрандаларды қолданбаңыз.

•  Стандартты өлшемнен ұзын бұрандаларды 

қолданбаңыз, себебі теледидардың ішіндегі 

бөлшектерге зақым келуі мүмкін.

•  VESA стандартты бұрандалар спецификациясына 

сай келмейтін қабырғалық аспа жинақ қолданылса, 

бұрандаларының ұзындықтары басқаша болуы мүмкін.

•  Бұрандаларды тым қатайтпаңыз, себебі өнімге нұқсан 

келуі немесе құлап қалып, адамды жарақаттауы 

мүмкін. Samsung бұндай қатерлі оқиғалар үшін 

жауапкершілік көтермейді.

•  VESA стандартына сай емес немесе өндіруші 

ұсынбаған қабырғалық аспа жинақ қолданылса немесе 

сатып алушы өнімді орнату туралы нұсқауларды 

орындамағандықтан өнімге зақым келсе немесе адам 

жарақат алса, Samsung компаниясы жауапкершілік 

көтермейді.

•  Теледидарды орнатқанда 15 градустан асыра 

қисайтпаңыз.

дюйм

VESA стан. (A * B)

Стандартты 

бұранда

Саны

43~51

400 X 400

M8

4

60~64

600 X 400

Қабырғалық аспа жинақты 

теледидар қосулы тұрғанда 

орнатпаңыз. Себебі электр 

тоғы соғып, адам жарақат 

алуы мүмкін.

Теледидарды қабырғаға бекіту

Абай болыңыз

: Теледидарды тартса, 

итерсе немесе үстіне шықса, ол құлап кетуі 

мүмкін. Әсіресе, балалардың теледидар 

үстіне шықпауын немесе оны жылжытпауын 

қадағалаңыз; себебі теледидар аударылып 

кетіп, ауыр жарақатқа не адам қазасына әкеліп 

соғуы мүмкін. Қоса жеткізілген қауіпсіздік 

парағындағы сақтық шараларының барлығын 

орындаңыз. Барынша орнықты ету үшін, 

аударылып кетуден сақтайтын құралды сақтық 

мақсатында төмендегідей орнатыңыз.

Теледидар құлап қалуға жол бермес үшін 

Қабырға

1. 

Бұрандаларды қапсырмаларға салыңыз да, қабырғаға 

мықтап бекітіңіз. Бұрандалардың қабырғаға мықтап 

бекігеніне көз жеткізіңіз. 

 

✎

Қабырғаның түріне байланысты анкер шегесі 

тәрізді қосымша зат қажет болуы мүмкін.

 

✎

Бұранда қапсырмасы, бұрандалар мен бау 

құрылғымен бірге жеткізілмейтіндіктен оларды 

жеке сатып алу қажет.

2. 

Бұрандаларды теледидардың артқы орта жағынан 

алыңыз да, қапсырмаға салыңыз, содан соң 

бұрандаларды қайтадан теледидарға бекітіңіз.

3. 

Теледидарға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға 

бекітілген қапсырмаларды берік сым арқылы жалғап, 

содан соң мықтап байлаңыз.

 

✎

ЕСКЕРІМ

•  Теледидар артқа қарай құлап кетпес үшін 

қабырғаға таяу орнатыңыз.

•  Сақтық мақсатында қабырғаға бекітілген қапсырма 

мен теледидарға бекітілген қапсырма бір деңгейде 

не одан төменірек тұру үшін оларды сыммен қосып 

байлаған дұрыс.

•  Сымды теледидарды жылжытпай тұрып шешіңіз.

4. 

Барлық қосылымдардың мықтап жалғанғанына көз 

жеткізіңіз. Қосылымдардың босап қалмағанын мезгіл-

мезгіл тексеріп отырыңыз. Қосылымдардың берік 

екендігіне күмәндансаңыз, білікті маманға хабарласыңыз.

Қазақша - 17

PF4900-RU_KAZ.indd   17

2013-03-21     3:47:04

Оглавление инструкции

Инструкции для телевизоры Samsung

Популярные инструкции Samsung