Инструкция по эксплуатации для Samsung WF702U2BBWQ, WF602U2BKSD, WF602U2BKWQ :: Страница 90 из 176
Service-Instruction.ru
инструкции pdf и руководства пользователя читать онлайн

Инструкция для Samsung WF702U2BBWQ, WF602U2BKSD, WF602U2BKWQ

Инструкция в формате - PDF
Количество страниц - 176 страниц
Размер - 21 МБ
Доступно - Бесплатное скачивание
Доступно - Онлайн чтение
background image

2_ Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі

Жаңа samsung кір жуғыш 

машинасының қызметі

Жаңа кір жуғыш машина сіздің кір жуу жайлы ойыңызды өзгертеді. 

Өзінің керемет сапасының арқасында Samsung кір жуғыш машинасы 

жалықтырған жұмысты сүйікті іске айналдырады.

•  Қуат үнемдеу

Бұл үлгі арнайы Көбік шығару жүйесі және Samsung қозғалтқыш инвенторы бар 

стандартты A номиналды машинасымен салыстырып қарағанда қуатты тиімді 

пайдалану мүмкіндігін ұсынады. 

•  Эко көпіршік жүйесі

Samsung ұсынатын Эко көпіршік бағдарламасы матаға ерен күтім көрсете отырып, тамаша 

тазалайды. Эко көпіршік жүйесі жуғыш заттарды біркелкі таратып, матаға біркелкі және терең 

сіңуіне көмектеседі.

•  Шуы және дірілі төмен

Бұл Samsung кір жуғыш машинасы ең төмен дірілді қолдайтын ақылды 

технологияның көмегімен шуды және дірілді азайту арқылы өте дыбыссыз жұмыс 
істейді. Сөйтіп, барабан керемет балансты сақтайды.

•  Жылдам жуу

Әрбір минут санаулы! Біздің 15 минуттық Жылдам жуу мүмкіндігі жуып, ісіңізге 

асығуға мүмкіндік береді. Жылдам жуу бағдарламамыз оқиғаға толы өміріңізді 

ауыздықта ұстауға көмектеседі – сүйікті киімдеріңізді (2 кг-ға дейін) ендігі жерде бар 

болғаны 15 минут ішінде жуа аласыз!

•  Eco барабанын тазарту

Эко барабан тазалау бағдарламасы кір жуғыш машинаны ешбір химиялық жуғыш 

зат немесе ағартқышты қолданбай таза ұстауға көмектеседі. Арнайы тазалау 

бағдарламасының көмегімен кір жуғыш машина барабанын таза, әрі иіссіз етіп 

ұстаңыз.

•  Балалардың киімін жуу жүйесі

Samsung кір жуғыш машинасында терісі сезімтал балалардың киімін қорғайтын, кір 

жуу бағдарламасы бар. 

Бұл бағдарламалар балалар терісінің тітіркену қаупін төмендетеді, себебі жуғаннан 

кейін киімде кір жуғыш ұнтақтың аз ғана бөліктері қалады. Сондай-ақ бағдарламалар 

кірді түріне қарай бөлуді қарастырады да, кір жуу  кірдің сипаттамасына сәйкес жүзеге 

асады.

•  Қолмен жуу

Күтімді жуу сәйкес температураға, судың қажет көлеміне және іш-киімдерге жұмсақ 

әсер етуге байланысты жүреді.

Инструкции для стиральные машины Samsung

Популярные инструкции Samsung