24
ҚАЗАҚША
АРНАЙЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
САРЫ МАЙДЫ ЕРІТУ
50 г майды кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз. Тесілген аспаздық үлдірмен
жабыңыз. 750 Вт қуатпен 30-40 секунд сары май ерігенше қыздырыңыз.
ШОКОЛАДТЫ ЕРІТУ
100 г шоколадты кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз. 450 Вт қуатпен 3-5 минут
шоколад ерігенше қыздырыңыз. Ерітіп жатқанда бір немесе екі рет араластырыңыз.
Пештен зат аларда пеш қолғабын киіңіз!
ТҮЙІРШІКТЕЛІП ҚАТҚАН БАЛДЫ ЕРІТУ
20 г қатқан балды кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз. 300 Вт қуатпен 20-30
секунд бал ерігенше қыздырыңыз.
ЖЕЛАТИНДІ ЕРІТУ
Құрғақ желатин тақталарын (10 г) суық суға 5 минут салып қойыңыз. Суы сорғыған
желатинді кішкене, шыны пирекс ыдысына салыңыз. 300 Вт қуат бойынша 1 минут
қыздырыңыз. Ерітіп болғаннан кейін араластырыңыз.
БЕЗЕНДІРГІШ/ӘРЛЕГІШ ҚОСПА ДАЯРЛАУ (ТОРТ ЖӘНЕ КОНДИТЕР ӨНІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН)
Жылдам безендіргіш қоспаларға (шамамен 14 г) 40 г қант және 250 мл суық су
араластырыңыз. Бетін жаппай пирекс шыны ыдысықа салып, 3½-4½ минут 750
Вт қуатпен, безендіргіш қоспа мөлдір болғанша пісіріңіз. Пісіріп жатқанда екі рет
араластырыңыз.
ТОСАП ҚАЙНАТУ
600 г жемісті (мысалы, аралас жидек) өлшемі сай келетін, қақпағы бар пирекс
ыдысына салыңыз. 300 г қант салып, жақсылап араластырыңыз.Бетін жауып 10-12
минут 750 Вт қуатпен пісіріңіз. Қайнатып жатқанда бірнеше рет араластырыңыз.
Бұрама қақпағы бар тосап банкасына тура құйыңыз. Қақпағын 5 минут жауып қоя
тұрыңыз.
ПУДДИНГ ҚАЙНАТУ
Пуддинг ұнтағына, өндіруші нұсқауларына сай қант пен сүт қосып (500 мл), жақсылап
араластырыңыз. Қақпағы бар, жарамды шыны пирекс ыдысын қолданыңыз. Бетін
жауып 6½-7½ минут 750 Вт қуатпен пісіріңіз. Қайнатып жатқанда бірнеше рет жақсылап
араластырыңыз.
БАДАМ ЖАҢҒАҒЫ ҮЛПЕКТЕРІН ҚЫЗАРТУ
30 г жапырақталып туралған бадам жаңғағын, орташа үлкендіктегі керамика табаға
біркелкі таратып салыңыз. 3½-4½ минут 600 Вт қуат бойынша қызартып жатқанда
бірнеше рет араластырыңыз. Пеш ішіне 2-3 минут қоя тұрыңыз. Пештен зат аларда
пеш қолғабын киіңіз!
Жаңа тағам
Мөлшері Алдын ала
қыздыру
уақыты (мин)
Пісіру
режимі
1
-ші
жағын
пісіру
уақыты (мин)
2
-ші
жағын
пісіру
уақыты (мин)
Картоп пісірмесі
500 г
3
450 Вт +
Гриль
10-12
-
Нұсқау
Картоптарды екі бөлікке бөліп, тордың үстіне дөңгелете, кесілген
жақтарын грильге қаратып қойыңыз. Кесілген жағына зәйтүн майын
жағып, дәмдеуіштерден себіңіз. Гриль жасап болғаннан кейін 3 минут
қоя тұрыңыз.
Мұздатылған
макарон
400 г
-
600 Вт +
Гриль
16-18
-
Нұсқау
Мұздатылған макаронды (-18 °C) мысалы, лазанья, тортеллини,
каннелониді торға қойылған, өлшемі сай келетін шыны пирекс ыдысына
салыңыз.
Мұздатылған
балық гратині
400 г
-
450 Вт +
Гриль
20-22
-
Нұсқау
Мұздатылған балық гратинін (-18 °C) торға қойылған, өлшемі сай келетін
шыны пирекс ыдысына салыңыз.
Мұздатылған
пицца
тісбасары
250 г
(8 дана)
-
300 Вт +
Гриль
10-12
-
Нұсқау
Мұздатылған пицца тісбасарын (-18 °C) немесе кішкене киш лоренді
торды айналдыра қойыңыз.
Мұздатылған
штрудель торты
200-250 г
(1-2 дана)
-
300 Вт +
Гриль
4-6
-
Нұсқау
Мұздатылған торт тілімдерін (-18 °C) торға қатарластырып қойыңыз.
Жібітіп болғаннан кейін 5 минут қоя тұрыңыз.
GE711KR-L_BWT_DE68-04199A-01_KZ.indd 24
2013-11-28 �� 7:34:41