16
ҚАЗАҚША
ЫДЫСТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ
Микротолқынды пеште тағам пісіру үшін, микротолқындар ыдысқа шағылыспай немесе
ыдысқа сіңбей тағамнан өте алатындай болуға тиіс. Сондықтан да, ыдыс-аяқты дұрыс
таңдау қажет. Микротолқынға төзімді деген белгісі бар ыдысты алаңсыз қолдана беруге
болады. Келесі кестеде әр түрлі ыдыс түрлері және оларды микротолқынды пеште қалай
қолдануға болатындығы көрсетілген.
Ыдыс-аяқ
Микротолқынға
төзімді
Түсіндірме
Алюминий фольга
✓ ✗
Тағамның осал жерлері қатты пісіп кетпес
үшін, кішкене қағаздармен жабыңыз. Фольга
пештің қабырғасына тым жақын қойылса
немесе тым көп фольга қолданылса электр
жарқылы пайда болуы мүмкін.
Браунинг табағы
✓
Сегіз минуттан артық қыздырмаңыз.
Фарфор және керамика
✓
Фарфор, керамика, безендірілген керамика
мен қатты фарфор ыдыстарды, жиегі металл
болмаса әдетте қолдана беруге болады.
Бір рет қолданылатын
полиэфир картон
ыдыстар
✓
Кейбір мұздатылған тағамдар осындай
ыдыстарға оралады.
Фастфуд орамдары
• Полистирол кеселер
мен сауыттар
✓
Тағамды жылыту үшін қолдануға болады.
Қатты қыздырса, полистирол еріп кетуі
мүмкін.
• Қағаз қалта немесе
газет
✗
Өртеніп кетуі мүмкін.
• Өңдеуден өткізілген
қағаз немесе ыдыстың
металл жиегі
✗
Электр жарқылы пайда болуы мүмкін.
Шыны ыдыс
• Пеш-үстел ыдыстары
✓
Металл жиегі болмаса, қолдана беруге
болады.
• Осал шыны ыдыс
✓
Тағам немесе сусындарды жылыту үшін
қолдануға болады. Осал шыны ыдыс кенет
қыздырған кезде сынып немесе жарылып
кетуі мүмкін.
Ыдыс-аяқ
Микротолқынға
төзімді
Түсіндірме
• Шыны банка
✓
Қақпағын алу керек. Тек тағамды жылытуға
жарайды.
Металл
• Ыдыстар
✗
Электр жарқылы немесе өрт шығуы мүмкін.
• Тоңазытқышта
тұратын тағам
қалтасын қыстырғыш
✗
Қағаз
•
Табақ, кесе, майлық
және ас үй қағазы
✓
Тағамды аз уақыт пісіру немесе жылыту
үшін. Сонымен қатар, артық ылғалды сіңіру
үшін.
• Өңделген қағаз
✗
Электр жарқылы пайда болуы мүмкін.
Пластик
• Сауыттар
✓
Қызуға төзімді термопластик болса әсіресе
сай келеді. Кейбір пластиктер жоғары
температурада майысып, түсі өзгеріп кетуі
мүмкін. Меламин пластигін қолданбаңыз.
• Жылтыр қағаз
✓
Ылғалды ұстап тұру үшін қолдануға болады.
Тағамға тигізбеу керек. Жылтыр қағазды
алғанда абай болыңыз, ыстық бу шарпуы
мүмкін.
• Тоңазытқыш қалталар
✓ ✗
Қайнатуға немесе пешке төзімді болса. Ауа
өткізбейтін болмауға тиіс. Қажет болса,
шанышқымен тесіңіз.
Балауыз немесе май
өткізбейтін қағаз
✓
Тағам шашырамас үшін және ылғалды ұстап
тұру мақсатында қолдануға болады.
✓
: Ұсынылады
✓✗
: Сақтықпен пайдаланыңыз
✗
: Қауіпсіз емес
GE711KR-L_BWT_DE68-04199A-01_KZ.indd 16
2013-11-28 �� 7:34:40